АймақБалқаш

Мұражай экспонатпен толықты

Балқаш тарихи-өлкетану музейі – халқымыздың жылнамасы іспетті. Онда сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап, түрік қағанатымен жалғасқан қазақ хандығының және тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі тарихын баяндайтын небір құнды экспонаттар қойылған. Көрме залдарында әр кезеңді көз алдыңа әкелетін көне жәдігерлер мен фотосуреттер, залдан орын тепкен.

Суретті түсірген автор

Жақында мұражай тағы да бір жәдігермен толықты. Балқаштық білікті дәрігер Нина Васильевнаның немересі Иван Гончаров әжесінің қан қысымын өлшейтін құралы сфигмоманометрді мұражайға тапсырды.

– Менің әжем 35 жыл бойы тек бір ғана ауруханада еңбек етіп, сол мекемеден зейнетке шыққан ақ халатты абзал жан. Білікті дәрігер Нина Васильевнаны балқаштықтар жақсы біледі. Әлі есімнен кетпейді. Бұл құралмен әжем көршілердің қан қысымын өлшеп беретін. Көршілерімізде жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын адамдар көп болатын. Сонда әжем осы арнайы құралдың көмегімен өлшеп, қалай емделуге кеңес беретін, – дейді дәрігердің немересі Иван Гончаров.

Айта кетейік, сфигмоманометр 1962 жылы Ленинград қаласындағы Красногвардеец зауытында жасалған екен.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button