Поэзия

Мәңгілік елім

Әні: Қ. Мерсалимовтікі

Сөзі: Д.Билялованікі

1. Өркендей берсін Мәңгілік елім!

Сақтасын әркез қазағым жерін!

Шаңырақ ортақ, босаға берік,

Қыраным көкте самғай бер биік!

Елім мен жерім аманат болған,

Бабалар салған сара жолдардан.

Кетпейік қия ешқашан біздер,

Алайық бата ұрпағымыздан.

Қайырмасы:

Жасасын мәңгі Қазақтың елі!

Жасасын мәңгі Егемендігі!

Күлімдеп көкте Күнім жарқырап,

Жайнай бер, жайна Мәңгілік елі!

2. Мұра боп қалған байлықты сақтап,

Жүрейік әркез сенімді ақтап.

Жаның мен арың таза болады,

Мақтаныш тұтсаң еліңді қолдап.

Барша әлемге әйгілі болған,

Достық, бірлікті ұраны қылған.

Адал ақ ниет, көңілі жарқын,

Осындай менің Тәуелсіз елім.

Қайырмасы:

Жасасын мәңгі Қазақтың елі!

Жасасын мәңгі Егемендігі!

Күлімдеп көкте Күнім жарқырап,

Жайнай бер, жайна Мәңгілік елі!

2016 жыл.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button