АймақБұқар жырау

Мәдениет және өнер майталмандары марапатталды

Жыл соңында Бұқар жырау ауданының мәдениет және өнер саласының маман қызметкерлерін марапаттау салтанаты аудандық Мәдениет үйінде өтті.

Осы салтанатты сәтте сөйлеген сөзінде аталған аудан әкімі Ерлан Құсайынов:

– Өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Бұл бағыттағы әрбір қадам,әрбір игі іс – рухани да кемелденудің, елдік сананың өрлеуінің белгісі. Бүгінде ауданымызда мәдениет және өнер салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатындағы жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Осынау абыройлы міндеттерді атқарып жүрген жандардың қайсысы болсын құрмет пен мадаққа лайық, – деді.

Марапаттау рәсімінде Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы “Үздік кітапханашы” дипломы мен 1 миллион теңге ақшалай сыйлығы Ботакөз Рахимоваға бұйырса, Петровка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Кенжеғайша Мұқашеваға облыс әкімінің Құрмет грамотасы берілді. Осы саланың басқа да бірқатар қызметкерлеріне еңбекақы аудан әкімінің, облыстық кәсіподақ ұйымының атынан марапаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ал аудан әкімінің жылдағы дәстүрлі “Мәдениет майталманы” атағы мен 200 мың теңге арнайы сыйлығына жергілікті ақын,сазгер Жұмағали Елжанов ие болды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button