Мұғалімдердің 80 пайызы қайта вакцина алды
Мұғалімдердің 80 пайызы қайта вакцина алды. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережесі биыл бекітілді. Қазір мұғалімдер осы ереже бойынша конкурстық негізде жұмысқа қабылданып жатыр. Негізгі қойылатын талаптар – мұғалімнің білім, еңбек өтілі, ұлттық біліктілік тестілеу нәтижесі және біліктілік санаты, кәсіби жетістіктері болады», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Спикердің атап өтуінше, мектеп директорларын ротациялау жалғасып жатыр.
2022 жылы 1 200-ден астам директор ротациялауға сәйкес келеді. Бүгінде оның 400-ден астамы ротациядан өтті.
«Жаңа оқу жылында мұғалімдердің ревакцинациядан өтуі жалғасады. Бүгінде мұғалімдердің 80 пайызы қайта вакцина алды», – деді Шолпан Каринова.