Жаңалықтар

Ұлытау облысының полицейлері киіктің еті мен қару-жарақтарды тәркіледі

24 қаңтарда Қаражал қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы азамат тізгіндеген көлікті тоқтатты. Салонда 39 және 43 жастағы екі азамат болған, деп хабарлайды ortalyq.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көліктің жүк салғышынан 5 киіктің еті мен 16 калибрлі ИЖ-18ЕМ тегіс ұңғылы мылтығы табылды.
ҚР ҚК-нің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button