Жаңалықтар

Ұлыс оң болсын!

Наурыз – ұлт пен ұлысты бір арнаға тоғыстыратын, бірлік пен жаңаруды дәріптейтін мейрам. Бұл күн – өткенді бағалап, жаңа белестерге ұмтылатын, жақсылық пен ізгілікті дәріптейтін ерекше сәт.

Сурет iqaa.org

Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. «Туған ай – тураған етпен тең», әне-міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті. Амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт-дәстүрімен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы аламыз!
Түркі тілдес халықтардың ортақ жаңа жылы – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Айдай аялап, күндей күліп келген Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен бақ-дәулет әкелсін! Елдігіміз нығайып, бірлігіміз арта берсін!
Наурыздың нұры әр үйге шапағат болып төгіліп, қуаныш пен игілік әкелсін! Бұл мереке жүректерге жылулық ұялатсын, жақсылыққа бастасын. Ұлыс оң, ақ мол болсын! Татулық пен тыныштық мәңгілік серігіміз болғай!

Ізгі тілекпен,
Меруеш БАШАЙ,
облыстық мәслихаттың депутаты,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы облыстық филиалының және
«Отандастар қоры» фронт-офисінің жетекшісі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button