Жаңалықтар

Ұлттық таным – ұдайы назарда

    Гендерлік саясат жаһандық саясаттың бір бөлігіне айналғалы қашан. Әлем тәжірибесінде оның орны өткен ғасырдың басынан бастап айқындалды. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Германия секілді алпауыт мемлекеттерде бұл жүйе қоғамның қозғаушы бір күші ретінде мойындалды. Ал, біздің елімізде тәуелсіздік алған жылдардан бастап ене бастады. Зайырлы мемлекет, ашық қоғам қағидасы бойынша бірқатар тұлғалар да қалыптасты.

Аталған жүйе мемлекеттік құрылымдардың әр саласына еніп қана қоймай, өз жемісін бере бастады. Әсіресе, мемлекеттік қызмет, сот, сондай-ақ, әлеуметтік салада даму көрсеткіштері байқалады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, еліміздегі гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Бұл жүйе билік құрылымдарында әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады. Гендерлік тең құқықтық саласындағы мемлекеттік саясат, әйелдердің экономикалық және саяси өмірге қатысуларының кеңеюі, әлемдік қоғамдастықта жоғарғы бағаға ие болды. Бүгінде біздің еліміз гендерлік тең құқықтық бойынша әлем рейтингінде 135 елдің арасында 31 орынға шығып отыр.

Қазақстандағы гендерлік білім беру тек қана біржақты, шығыстық, діни көзқарастарға көзсіз еліктемей, дәстүрлі негізге сүйене отырып, ұлттық таным-түсініктегі басымдыққа ие болуы қажет. Яғни, оның өзіндік қазақстандық моделі қалыптасып, жүргізілуде.

Әсіресе, жаңа екімыңжылдықта сот саласында едәуір ілгерілеушілік байқалуда. Мәселен, соңғы онжылдықта құқық қорғау саласында өсімнің 47 пайыздық үлесі байқалып отыр. Бұл сот саласындағы нәзік жандардың көбеюін, білікті кадрлармен толығуын көрсетеді. Бүгінде қазақстандық әр екінші әйел осы саланы таңдап жатады. Келешекте аталған пайыздық өсім ұлғая түспек. Жаһандық таным бойынша гендерлік саясат – геосаясаттың өрлеуіне жол ашатын механизм. Ұлттық гендерлік саясат – демократиялық мемлекеттің ең маңызды құрамдас бөлігі. Алдағы уақытта да осы үрдіс берік сақтала бермек.

Г.ТАСТАНБАЕВА,

Қарағанды облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button