Бас тақырып

«Ұлттық қор – балаларға»: 7 миллионға жуық балаға қаражат аударылды

Мемлекет болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында «Ұлттық қор – балаларға» атты ұзақмерзімді қаржылық қолдау тетігін іске асыруда. Бүгінде бағдарлама аясында 7 миллионға  жуық балаға қаражат аударылды деп хабарлайды ortalyq.kz  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сурет: inbusiness.kz

Аталған бастама алғаш рет 2022 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған болатын.

Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде іске қосылды. Оны Қаржы министрлігі жүзеге асырады және ол Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының  50%-ын 18 жасқа дейінгі балалардың  жеке шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды көздейді. Жиналған қаражатты тек тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсауға болады.

Бұл бастама әрбір қазақстандық баланың болашағы үшін сенімді қаржылық негіз қалыптастыруды мақсат етеді және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың  маңызды құралы болып отыр.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button