Жаңалықтар

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу бойынша қысқаша анықтама ақпарат

1 тамыз-20 қазан аралығында Қазақстанда екінші Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл маңызды статистикалық іс-шара БҰҰ Азық-түлік және әуыл шаруашылық ұйымының ұсынысымен әр он жылда 1 рет өткізіліп, бүкіл елді қамтуы тиіс. Алғашқы санақ 2006-2007 жылдары жүргізілген.

Сурет egemen.kz

Санақтың мақсаты – ауыл шаруашылығының жай-күйі: шаруашылықтардың құрылымы, техниканың болуы, жануарлар, егіс алқаптары және басқа ресурстар туралы толық және өзекті ақпарат алу. Бұл деректер мемлекетке тиімді аграрлық саясат әзірлеуге, фермерлерді қолдауға және саланы дамытуға көмектеседі.

Санақ екі кезеңде жүргізіледі:

1-31 тамыз – онлайн кезең. Барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері gov.kz сайтында сауалнамадан өз бетінше өте алады. Бұл жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз.

20 қыркүйек-20 қазан – офлайн кезең. Онлайн сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарын интервьюерлер планшеттерді пайдалана отырып, үй-үйге барып сұрастырады.

Кім қатысуы керек?

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығымен айналысатын ЖШС, ЖК, шаруа немесе фермер қожалықтары;

Мал, құс өсіретін, бақшасы бар және т.б. жеке қосалқы шаруашылық иелері.

Қойылатын сұрақтар:

Ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы және түрлері;

Мал басы мен құс саны;

Қолданылатын техника;

Егіс алқаптары және т.б.

Барлық дерек құпия болып табылады және тек статистикалық мақсатта қолданылады.

Барлық сұрақтар бойынша 1446 байланыс орталығына немесе sanaq.gov.kz сайтына жүгінуге болады.

Басқа материалдар

Back to top button