Медицина

Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты дәрежесіне ие болды. Клиникалық аурухана осындай дәрежеге ие болған алғашқы стационар.

Сурет: облыстық клиникалық ауруханадан

Аккредиттеу қараша айының ортасында өтті.

Бір аптаның ішінде сыртқы кешенді бағалау сарапшылары облыстық клиникалық аурухананың барлық орталықтарында трейсерлер жүргізді. Барлық бөлімшелердегі жұмыс процестері медициналық көмек көрсетудің сапасынан бастап, қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келуі, медициналық персоналдың біліктілі, кәсіби өсу, медициналық құжат айналымының сапасы, төтенше жағдайлар кезіндегі пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі бағаланды.

Тескеріс нәтижелеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша аккредиттеу орталығының комиссиясы облыстық клиникалық ауруханаға пациенттер үшін көрсетілетін қызметтер сапасы, жайлылық және қауіпсіздік стандарттарының жоғары сақталғанын куәландыратын жоғары санат берді.

Облыстық клиникалық ауруханаға жеті орталық кіреді: хирургиялық, терапиялық, тері-венерологиялық, инфекциялық, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық, №1 перинаталдық орталық (Михайловка), №2 перинаталдық орталық (Пришахтинск).

Облыстық клиникалық ауруханасында 800-ден астам қызметкер, оның ішінде 147 дәрігер жұмыс істейді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button