Бас тақырып

Логистикалық хаб: бизнес пен сауда үшін жаңа мүмкіндік

Қарағандыда электрондық сауда үшін заманауи сауда-логистикалық қойма ашылады. Облыстың екі әуежайы жаңғыртылады. Облыстық, республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді. Бұл Қарағанды өңірінің логистикалық инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған оң қадамдар. Осы тың бастаманың арқасында бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады.  Жүк тасымалының көлемі ұлғаяды және тұтастай алғанда транзиттік тартымдылық артады.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

– Қыркүйек айында Қарағандыда Teez маркетплейсі жұмысын бастады. Қойма терминалдың ашылуы өңірдегі электронды сауданың дамуын жеделдетті. Платформаның қуаттылығы – жылына 27 миллион тапсырыс. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін ынталандырады. Қарағандыда халықаралық логистиканы дамыту үшін жергілікті әуежайды жаңғырту қажет. Уақыт өте келе әуе айлағы жылына 50 мың тонна жүк тиейтін жүк терминалына айналады. Бүгінде ол Эквадордан, Нидерландыдан, Бельгиядан және Оңтүстік-Шығыс Азиядан коммерциялық жүк рейстеріне қызмет көрсетеді. Болашақта Қытайдан Еуропаға ұшатын әуе кемелерінің техникалық қонуын ұлғайту жоспарлануда, – деді аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Балқаш әуежайын қайта құру – маңызды жоба. Болашақта бұл әуежайдың өткізу қабілетін 30%-ға арттырып, басқа өңірлермен әуе қатынасын жақсартпақ. Ал, логистиканың дамуы үшін автомобиль жолдарының   сапасында мін болмау керектігін баса айтты. Айта кетейік, биыл Қарағанды облысында 1032 километр жол жөнделді.

Сонымен қатар, ірі жобалардың тағы бірі Қарағанды-Балқаш автожолын реконструкциялау. Онда жоғарғы қабатына асфальт төсеу жұмыстары аяқталды және трассаны қалыпқа келтіру шаралары жүріп жатыр.

Қарағанды-Қарқаралы автожолының 115 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталған. Келер жылы 85 шақырымды қайта қалпына келтіру жұмысы жалғасады. Осылайша, Қарағандыдан Қарқаралыға дейінгі ұзындығы 200 шақырым жол толығымен жаңаланады.

2025 жылы Қарағанды-Жезқазған республикалық жолын қайта жаңарту басталады деп күтілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button