Бас тақырып

Әлеуметтік салаға басымдық беріледі

Биыл өңірде әлеуметтік салада біршама жаңалық болғалы тұр. Мәселен, биыл аймақта 10 жайлы мектептің құрылысы басталады. Одан бөлек, өңірдегі тозығы жеткен үйлердің мәселесі шешілмек. Саран тұрғындары орталық жылу қазандығына қосылады.

Сурет: тікелей эфирден скриншот

– Әлеуметтік жобалардың ең бастысы – ауылдағы медициналық бекеттер. Биыл 70 бекет ашу жоспарланған. Сонымен қатар, ауылға медицина мамандарын тарту үшін жұмыстар жүргізілуде. Әрі 8 млн. теңгеге дейін өтемақы қарастырылып отыр, – деді аймақ басшысы «Saryarqa» телеарнасында өткен тікелей эфирде.

Сонымен қатар, облыс әкімі Балқаштағы орталық аурухана жағдайына тоқталды. Биыл ауруханаға толық жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Әрі ондағы барлық техника жаңартылатытнын да баса айтты.

– Аурухана біліктілігін арттыру қажет. Ауыл-аймақ тұрғындары Қарағандыға келмей-ақ, сол жақтан ем қабылдау үшін жағдай жасалуы керек. Бұған дейін қалада суық су мәселесі өзекті болып еді. Қазір жұмысы жолға қойылды. Енді қала тұрғындарын орталықтандырылған газ жүйесіне қосу жұмыстары жоспарда тұр. Ал, Саран қаласында 26 жеке жылу қазандығы жұмыс істеп тұр. Осы мәселені шешу үшін алдағы уақытта жылу қазандығының құрылысы басталады, – деді Ермағанбет Қабдуллаұлы.

Биыл өңірде 10 жайлы мектептің құрылысы басталады. Оның 4-еуі – облыс орталығында бой көтермек. Ендігі жылы тағы 8 мектептің құрылысы басталады. Оның екеуі – Қарағандыда салынса, қалғаны аудан орталығына тиесілі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы өз сөзінде өңірдегі тозығы жеткен үйлердің мәселесі қаралатынын баса айтты.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button