Президент тапсырмасын орындай отырып...

Әлеуметтік мәселе – басты назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Жолдауында: «Көмекке шынымен мұқтаж адамдар әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр» деп айрықша атап айтты. Аталмыш бағытта атқарылатын жұмыстардың аз еместігін жеткізді. Президент тапсырмасына орай бүгінде шағын шаһарларда әлеуметтік мәселеге тиісінше көңіл бөлініп келеді. Бұл туралы Балқаш қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат САДАНОВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Балқаш қаласында 1645 адам нәти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдар­ламасының қатысушылары болған көрі­неді.

– Бағдарламаның аясында қосымша жұмыс орындары құрылып, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымдар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы дамып отыр. Порталда 834 үміткер тіркелді. Оның ішінде, 546 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 369 адам тұрақты жұмыс орындарында жұмысқа орналастырылды. Жуырда ғана бірінші бағыт аясында қысқа мерзімді курстардан 11 адам өтті. Олардың 8 адамы газоэлектрліктер мамандығын және 3 адам сылықшы мандығын алды. Еркін кә­сіптік білім беру бойынша биыл 9 сыныпты аяқтаған 38 түлек оқуға жіберілді. Ал, екінші бағыт аясында: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен «АШМ Қарағанды» Қарағанды ​​филиалы Саяқ және Гүлшат елді мекендерінде 8,0 млн. теңге қаржы қарастырды. Әзірге жалпы сомасы 4,0 млн. теңгеге 1 микрокредит берілді. Қорда жалпы сомасы 4 млн. теңгеге 1-ші талапкердің құжаттары қаралуда. Сондай-ақ, бағдарлама аясында Қарағанды ​​облысының қалаларының тұрғындарын несиеленді­ру жолға қойылған. Балқаш қаласының 3 тұрғыны жалпы сомасы 17,0 млн. теңгеге микрокредит алды, – дейді Азамат Елеусізұлы.

Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жұмыстардың жүзеге асырылуы карантин кезеңінде де тоқтамаған екен. Қалада жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта, халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы тұрақты жұмысқа орналасқандар саны артып отыр.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button