Медицина

Әлеуметтік дәріхана ашылды

Бүгінде қаржылық дағдарыстың әсері дәрі-дәрмектің қымбаттауына да түрткі болғанын айтып шағымданатындар аз емес. Дегенмен, дағдарыс дендеп кіргеніне қарамастан, бұл мәселенің оң шешілуін көздеген кәсіпкер ісі құптауға тұрарлық. Дертімен күрескен жандар дәріханаға жиі баратыны рас. Кент тұрғындары бір қорап дәрі үшін қалаға шабылатыны да анық. Бұл ретте, Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай кенті тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру мақсатында «АКО-ФАРМ» дәріханасы ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады.

Сурет аудан әкімдігінен

Жаңа нысанның ашылуына қатысқан Шашубай кентінің әкімі Нариман Маңғышев өзі де көпшілікпен бірге кіріп, ондағы дәрі-дәрмектер бағасымен танысты. Айта кетерлігі сол, әлеуметтік дәріханадағы медициналық препараттар мен дәрі бағасы өзге дәріханалармен салыстырғанда 10-12 пайызға төмен.

– Салауатты өмір салтын қалыптастыру, халық денсаулығын оңалту басты міндетіміз. Кент тұрғындарын сапалы әрі төмен бағадағы дәрі-дәрмектермен қамтудың өте қажеттігі де күн сайын біліне түсуде. Сондықтан, Шашубай кентінен әлеуметтік дәріхана ашуды жөн көрдік. Өйткені, бұл бірінші кезекте денсаулығы күнделікті күтімге зәру зейнеткерлер мен қарапайым еңбеккерлер үшін бұл ауадай қажет. Мемлекеттің басты байлығы – халық. Елдің саулығы, әл-ауқатының жақсы болуы деннің саулығына байланысты. Бүгінгі ашылып отырған дәріхана, дертіне шипа іздеген әрбір тұрғын үшін жақсы жаңалық болмақ. Бұл бір жағынан қазіргі жағдайда шашубайлықтар үшін үлкен тарту болып отыр, – деді Шашубай кентінің әкімі Нариман Маңғышев.

Өз тілшімізден.
Ақтоғай ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button