Қарқаралы

Әлеуметтің әлеуетін еселейді

Сағыныш ӘБІЛ,

Қазіргі таңда аудандық музей ғимаратында жөндеу жұмыстары басталды. Тарихи өңірдің өткенінен сыр шертіп, шежіре тарқатып тұрған мекеме қайта жаңғырып, қонақтар игілігіне қызмет қылмақ. Жалпы алғанда, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырған халық көп. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының мүмкіндігін барынша пайдаланып, еңсесін тіктеп, тұрмысын түзеп алған азаматтар бар. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудың жүйелі жолға қойылғанын көрсетсе керек. Оның бірінші бағыты бойынша, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 20 адам жіберіледі. Оқу маусым айында басталмақ. Ал, екінші бағыт – несиелеу жобасына, яғни, кәсібін дамытуды қолға алған 122 адамға жалпы сомасы 482 млн. 376 мың теңге көлемінде несие беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, шілде айында 20 адамға 10 млн. 604 мың теңге көлемінде грант үлес-тіріледі. Айта кетейік, бүгінге дейін 7 адам жалпы сомасы 23 млн 900 мың теңге болатын несиені мерзімінен бұрын қайтарған. Яғни, ол азаматтар кәсібін дөңгелетіп, аз жылда ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткен. Бағдарламаның үшінші бағыты, халық-тың әлеуметтік әлеуетінің өсуіне, жұмыс орындарының ашылуы мен жұмыссыздар санының азаюына ықпал етуде. Әлеуметтік жұмыс орындарына 25 адам тартылу жоспарланса, бүгінде жоспардың 16%-ы орындалған.
Қорыта айтқанда, мемлекет тарапынан қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар мен мемлекеттік бағдарламалар қиналған елдің тұрмысын жақсартуға айтарлықтай ықпал етуде.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button