Шахтинск
Ленин шахтасындағы апат: Жұмыс берушінің кінәсі дәлелденді
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Шахтинск шахтасындағы апаттың себебін айтты.
«3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апат бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газ бен көмір шаңының көп мөлшерінің шығуына байланысты кенеттен газдинамикалық құбылыс нәтижесінде пайда болды. Негізгі себеп – метанның шаңмен шығарылуының көп мөлшері және №79 пикет аймағындағы бұрғылау станогындағы бұрғылау штангасының металл бекіткіштердің элементтеріне үйкелуі салдарынан ұшқын пайда болып, жарылыс болған», – деді министр.
Қазіргі уақытта Ленин шахтасының 26 қызметкері, оның ішінде басшылық лауазымдарды атқаратын екі шетелдік азамат шахтадағы апатқа жауапты болғаны анықталды.