Ұландықтар өрттен үш баланы құтқарып қалды
Қарағанды облысында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері ерлік танытты. Ефрейторлар Асхат Байсеитов, Қыдырбай Ерлан, Вячеслав Қожахметов және 3 сынып сержанты Михаил Бубнов қызметке бара жатқан жолда Долинка кентіндегі тұрғын үйдің өртеніп жатқанын байқап қалды.

Әскерилер еш ойланбастан оқиға орнына дереу жетіп, өрт шалған үйге кірді. Олар іште қалған үш баланы қауіпсіз жерге алып шықты. Тек балаларды ғана емес, үй ішіндегі жарылыс қаупі бар 50 литрлік газ баллонын да сыртқа шығарып, мүмкін болатын үлкен апаттың алдын алды.
– Бұл – біздің міндетіміз! Біз қызметке бара жатқан кезде өрт шалған үйді байқап, бірден көмек көрсетуге кірістік. Бұл әрекетімізді ерлік деп санамаймыз, бұл — біздің қызметіміздің бір бөлігі, — деді ұландықтар қарапайымдылықпен.
Әскери қызметкерлердің батыл әрі шапшаң әрекеттерінің арқасында үлкен қайғылы жағдайдың алдын алынды. Олар азаматтық борыштарын абыроймен орындап, нағыз ерлік үлгісін көрсетті.
ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі