Руханият

Ұлағатты ұстазға құрмет

Қарағанды қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында «90 жылдыққа – 90 кездесу» атты жоба басталды.

Жоба аясында Ы.Алтынсарин төсбелгісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Халықаралық «Платон» тілдерді дамыту орталығының «Ұлы дала ұстазы» медалінің иегері, Халықаралық «Ақжелең» сайысының «Мұғалім және оқушы» номинациясының I орын жеңімпазы, Ж.Тәшенов жүлдесінің иегері Күліш Төлеуханқызының 75 жасқа толуына орай «Ұстаз. Өнерпаз. Тұлға» атты кездесу кеші өтті.

Кеш барысында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын сөз алып, ұлағатты ұстаздың елге сіңген еңбегіне тоқталды. Осынау мерейтойымен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.

– Ұстаз деген ұлы ұғымды сонау сәби кезімізден білеміз. Сол ұстаздықтың ұлағатын көрген ұстаздар қауымы бақытты. Сол бақытты жандардың бірегейі – Күліш Төлеуханқызы. Біздің қоғамда ұстаздар әрқашан абыройлы болмақ, – деді Ерлан Бейсембайұлы.

Кеш мақсаты – қазақтың қайсар қызы, ардақты ана, мейірімді әже, өмірінің 50 жылын ұстаздық пен өнерге арнаған бүгінде болашақ жастар үшін тұлғаға айналған ұлағатты ұстаз Күліш Төлеуханқызының еңбек жолдарын насихаттап, жастарға үлгі ету.

Кездесуге «Сенімен Болашақ» ҚРБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Индира Жанұзаққызы, №61 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Дидар Төрегелдина, «Ақниет» ансамблінің мүшелері, Жоғары гуманитарлық колледж студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Ұлағатты ұстаз Күліш Төлеуханқызы жөнінде замандастары естеліктерімен бөлісіп, ал, шәкірттері өлең оқыды.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button