Куәлік қайта беріледі
«Көпбалалы аналардың мәртебесін қайтадан қайтару туралы жаңалықты естідім. Ол үшін қайда бару керек және қандай құжаттар талап етіледі?»
Айгүл АМАНГЕЛДИЕВА.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шешімімен жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігін қайта беру жұмыстары басталды. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінен (ГЦВП) алуға болады. Ол үшін көпбалалы ананың жеке куәлігі ғана талап етіледі. Дегенмен, қолда бар құжаттарын алып келуіне болады.
Аталған куәлік білім беру мекемелерінде көпбалалы отбасынан шыққан балаларға тегін ыстық тамақ, мектеп формасын беруге, балалақшаға баратын баласы болса, 50 пайыз жеңілдік жасауға, қоғамдық көліктерде тегін жүруге, сонымен қатар, көпбалалы отбасы ретінде жеңілдетілген несиемен баспана алуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті алу үшін тиісті мемлекеттік мекемелерге бару қажет. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» тек қана қуәлік бере алатындығын мәлімдейді. Осы мәселе бойынша әзірге тек бір адам ғана келді.
«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің баспасөз қызметі.