Кеше, 24 қаңтарда Қарағандыдағы Комиссаров көшесінен ер адамның денесі табылды.

Полиция департаментінің мәліметінше бүгінгі таңда 30 жастағы ер адамның жеке басы анықталған. Олардың айтуынша, ер адамның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Ер адамның неден қайтыс болғанын кейін мамандар анықтайтын болады.
– Факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ