Жаңалықтар

Кітапханада өткен журфикс

Еңбек күніне орай Ғабиден Мұстафин кенті кітапханасының коворкинг залында журфикс (сұрақ-жауап) өткізіліп, оған осы кенттегі еңбек ардагерлері Надежда Авдеева, Галина Перемитько, Людмила Туровская шақырылған болатын.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл шараның мақсаты жас ұрпақты еңбекқорлыққа баулып, алдыңғы буын өкілдерінен үлгі алуға тәрбиелеп, бейімдеу еді. Сол үшін журфиксті жүргізушілер Гауһар Сүлейменова мен Лариса Никишина осы кісілердің өмір жолдары,қай салада еңбек еткені,алған марапаттары туралы айтып,оны жастарға өнеге қылды.

Шара барысында оған қатысушылар викторина, сөзжұмбақ шешіп, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, тағы да басқа ғұламаларымыздың еңбекке қатысты ойлары,нақыл сөздер айтылып Надежда Авдеева мен Галина Перемитько ән салды.

Соңында Мұстафин кентіндегі агротехникалық колледждің оқытушысы Ирина Цирульникова осы шараға қатысып отырған колледж студенттері атынан алғысын білдіріп,келген адамдардың барлығы “Еңбек бәрін жеңбек” тақырыбындағы кітап көрмесін көріп,тамашалады.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button