Қарқаралы

Әкімнен айрықша қолдау

    Қарқаралы өнерпаздары аудан әкімі Халел МАҚСҰТОВТЫҢ құрметіне бөленді. Қала басындағы музыка мектебінің есеп беру концертінде әкім мектеп ұжымына 1 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді.

Нағыз кәсіби мамандардан құралған ұжымды Сағымбай Сыздықов басқарып келеді. Зор еңбектің арқасында бүгінде шәкірттері биік белестерді бағындырып жүр. Сондай-ақ, жыл сайын есеп беру кештерін ұсынып, көпшіліктің ықыласына бөленіп келеді.

Бұл жолғы концерт «Мәңгілік елдің өнерпаз өрендері» тақырыбында ұйымдастырылды. Шынайы өнерге сусындаған көрермендер жиналған әуезді кештің шымылдығы «Жас дәурен» ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы шығармалармен ашылды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері – ҚР білім беру ісінің үздігі Раушан Атығайқызы. Мың бұрала билеген «Балдәурен» хореографиялық ансамблінің бишілері мен түрлі байқаулардың лауреаты Даниэлла Тяжинаның өнері де жұрт қошеметіне бөленді. Аружан Әмірбек, Айбар Есентайұлы, Альяна Абельдинова, Бекжан Болат, Адия Ташимова, Мөлдір Тұрғанбай, Тоғжан Секербаева, Әлихан Торбаев, Әсел Саятқызы дәстүрлі әндерді шырқап, күй күмбірлетті. Музыка мектебінің оқушылары – республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегерлері. Өскелең ұрпақ арасындағы таланттарды ашу ісінде Рымкүл Спабекова, Жанат Нәсіпова, Роза Мұстафина, Арғын Имекеева, Жасұлан Қабыкенов, Гүлмира Сламбекова, Балдырған Жекеева, Бақытжан Үйсінбаев, Перизат Қасенова, Мейрамгүл Сағатбекова, Сәулет Қайырбеков, Ақерке Көпбай, Мейірлан Қалиев, Әлия Қапашева сияқты ұстаздардың еңбегі зор.

Кеш соңында аудан басшысы тынымсыз еңбектің арқасында биіктен көрінген ұжымға игі тілегін жеткізіп, қомақты сый жасап, келешекте 1 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілетінін айтты.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button