Спорт

Кіл мықтылар күш сынасуда

Қарағандыдағы Қ.Байшолақов атындағы спорт кешенінде дзюдодан 2004-2006 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ел чемпионатының жалауы желбіреді. Аталмыш турнирге елдің түпкір-түпкірінен 500-ден астам палуан қатысуда. Шараның ашылу салтанатына Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев арнайы қатысып, спортшыларға жылы лебіздерін білдірді.

Суреттер: Қазақстан дзюдо федерациясынан

Шара барысында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов дзюдоның дамуына қосқан зор үлесі үшін «Дзюдо Тарланы» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстанның құрметті жаттықтырушылары Сергей Раков пен Владимир Кичатовқа дзюдо федерациясының «Құрмет» грамотасы табысталды.

– Жарыстың алғашқы күнінде-ақ жігіттер жарқыраған жекпе-жек көрсетті. Аймақтарда шеберлік деңгейінің артып келе жатқаны, әлеуеті зор палуандар шығып жатқаны байқалады. Дзюдодан Қазақстан Республикасы құрамасының жаттықтырушылары Ермек Иманбеков пен Ибрагим Вешагуров татамидегі жекпе-жекті жіті бақылауда. Қарағандылық палуан Алдияр Қарғұлов тамаша өнер көрсетті. Жалпы, Қарағанды қаласында қамқоршылық кеңесінің директоры Алмаз Әлсеновтың жетекшілігімен «Жеңіс» кәсіпқой клубының ашылуына байланысты облысымызда дзюдо жаңа тыныс алуда. Қарағанды облысының дзюдо федерациясының президенті Тимур Тұрсымбаев, «Жеңіс» клубының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Талғат Байшолақов ауқымды жұмыстар атқаруда. Қарағандылық дзюдошылардың жеңіс тұғырының ең биік сатыларынан еселеп шығатынына сенімдімін. Біз Максим Раков, Ержан Шынкеев, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев сынды палуандарымызды мақтан тұтамыз, – деді Сергей Раков.

Жарыстың алғашқы күнінде-ақ қарағандылық дзюдошылар жеңіс тұғырынан көрінді. Қыздар арасында 52 келіде белдескен Аяулым Қайрат қарсылас шақ келтірмей, алтынмен апталды.

Ал, 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен тағы бір жерлесіміз Адияр Қарғұлов шымкенттік қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, І орын иеленді.

Жарыс 6 наурызға дейін жалғасады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button