АймақБұқар жырау
«Киелі мекен»: Бұқар жырау баба ескерткішінің маңы тазартылды
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғанына – екінші апта. Содан бері әр өңір елді-мекен аумағын қоқыстан тазартып, экологиялық акцияға ат салысуда. Аталмыш акцияның екінші аптасы – «Киелі мекен» деп аталады. Осы аптада Бұқар жырау ауданы әкімдігі мен аудандық мәслихаты бірлесіп, сенбілікке шықты.

Сенбілікке қатысушылар Бұқар баба ескерткішінің маңайында шашылған қоқыстарды жинап, қалыпқа келтірді. Ескерткіш баспалдақтарын әктеп, айналасын абаттандырды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Бұқар жырау ауданы.
Ortalyq.kz