«КЕЗЕКШІ ПРОКУРОР» КАБИНЕТІ
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасында «Кезекші прокурор» кабинеті ашылды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында кәсіпкерлікті дамыту, заң саласын жетілдіру мәселелерін нақтылап берген болатын. Құқық қорғау органының мамандары жаңа жоба осы құжат аясында жүзеге асқанын айтады.
Енді, кез келген кәсіпкердің құқығы бұзылған болса, осы кабинетке бас сұғуына болады. Сәрсенбі және жұма күндері.
Жобаның мақсаты – кәсіпкерлік қауымдастықтың прокуратура органдарына деген сенімін арттыру. Сондай-ақ, облысымыздағы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін жасалып отырған қадам.
Кәсіпкерлер палатасы құқықтық қорғау бөлімінің басшысы Азамат Дәненбаевтың айтуынша, кәсіпкерлер көбінесе салық органдары мен жергілікті атқарушы биліктің жұмысына шағымданады. Себебі, кәсіпкерлік мекемелердің басым бөлігінде заңгер мамандар жоқ.
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»