АймақҚарағанды

Кеше түнде Қарағандыда 20 адам өрттен құтқарылды

22 қаңтар күні түнгі сағат 02.21-де Қарағанды қаласында Медицинская көшесіндегі 3 қабатты тұрғын үйден өрт шықты.

Суреттер: облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің жалпы ауданы 16 ш.м. құрады. Өрт 03.09-да ауыздықталған.

– Өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері құтқару қалпақтарын пайдаланып 20 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. Сонымен қатар, өрт орнында ТЖД құтқарылған адамдарға жылыту пунктін ұйымдастырды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, – дейді мамандар.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button