Руханият
Кенептегі кең тыныс
Ауыл шаруашылығы күніне орай облыстық бейнелеу өнері музейі «Ауылым – алтын бесігім» атты 19-30 қараша күндері аралығында сабақ өткізеді. Сабақ мектеп оқушылары мен студенттерге арналған.
Музей қорынан аграрлық тақырыптағы көркем және графикалық туындылар ұсынылатын болады. Оқушылар Еңбек ерінің портреттерін, пейзаждарын, соның ішінде шексіз дала бейнелерін көре алады.
Картиналар мысалында музей қызметкерлері Қазақстандағы ауыл шаруашылығының тарихы және оның өңір өміріндегі рөлі туралы әңгімелейді.
Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Алдын ала міндетті түрде жазылу керек.
Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz