Облыс әкімдігіндеОблыс әкімі

“Келісім комиссиясы” жұмысқа кірісті

Облыста «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларының мәселелерін шешу үшін келісім комиссиясы жұмысқа кірісті. Оны аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК басқарды. Құрамына компания басшылығы, мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың және әр шахтаның бастамашыл жұмысшы тобының өкілдері кірді.

– Қазір еңбек ұжымдарын толғандыратын бірқатар проблемалар алдыңғы қатарға шықты. Біз бастамашыл топпен бірге компания басшылығымен талқылағымыз келетін мәселелер тізімін жасадық, – деді «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев.

Ол 12 тармақтан тұратын мәселелер тізімін атап өтті. Олардың арасында еңбекақыны арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шахталарды материалдық-техникалық жабдықтау және тағы да басқа шаралар бар.

– Біз «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерінің еңбек жағдайларын, өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды, әділ шешімдер қабылдауымыз керек. Кәсіпорындардың тұрақты және қауіпсіз жұмыс істегенін қалаймыз. Ең алдымен, қызметкерлердің мүдделері ескерілуі тиіс, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button