Қарағанды

Келешек келбеті – суретте

    Жас натуралистер станциясы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  және «EXPO – 2017» көрмесіне арналған қалалық «Фотосәт» фотобайқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты – заманауи энергияны сақтау технологиялары туралы білімді шыңдау, энергетикалық ресурстарды, энергияның  баламалы көздерін және болашақ технологиясын тиімді пайдалануды насихаттау. Байқауға қаланың 18 мектебінен 90 жұмыс  қабылданды.

Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасының мүшелері – Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқытушысы Г.Тұрғамбеков, №51 орта мектептің биология және география пәнінің мұғалімі С.Шералиева, Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы» КММ жетекші маманы А.Ахраров бағалап, жүлдегерлерді анықтады. Байқау қорытындысы бойынша ұсынылған жұмыстарда әр номинацияда жастық топтары бойынша үш дипломанттан анықталды.

Жеңімпаздар Қарағанды қаласы білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен, барлық байқау қатысушылары Алғыс хаттармен марапатталды.

Айсұлу МҰСАТАЕВА,

Жас натуралистер станциясы директорының орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button