«Keden» ақпарат жүйесін іске қосудың аралық қорытындылары
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік рәсімдерді цифрландырып, оңтайландыруға бағытталған Keden ақпарат жүйесін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастырып келеді.
Аталған жүйе «Ашық және басқарылатын кеден» тұжырымдамасын іске асыру арқылы қолданыстағы «АСТАНА-1» және «Экспорт-импорт операциялар жөніндегі бірыңғай терезе» платформаларын алмастыруға арналған.
Цифрлы өзара байланыс және Keden интеграциясы кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары арасындағы толық цифрлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, бұл әкімшілік кедергілерді азайту мен тиісті рәсімдердің ашықтығын арттырады және тауарлар қозғалысының бақылауын күшейтеді. Қағаз құжат айналымын азайту үшін басқа мемлекеттік әрі коммерциялық жүйелерімен 30 интеграция жүргізіліп, бұл кеден операцияларын жүргізу кезінде қажетті деректерді автоматты түрде алуға жол ашты.
Жүйені енгізудің негізгі кезеңдері
Жоба іске қосылған сәттен бастап келесі функционалды модульдер іске асырылды:
2024 жыл сәуір – экспресс-жүктерді электронды кедендік декларациялау (ЭЖКЖД және ЭЖТД).
2024 жыл қыркүйек – жеке пайдалануға арналған тауарларды есепке алу модулі («Қорғас» ХШЫО).
2024 жыл қараша – алдын ала операциялар, транзиттік декларация, уақытша сақтау, тәуекелдерді басқару жүйесі, КТжС төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, кедендік тексеру, резидент емес тұлғаларды тіркеу бойынша модульдерді іске қосу.
2025 жыл қаңтар-сәуір – көлік құралына арналған кедендік декларация бойынша модульдер, 9 кедендік мемлекеттік қызмет, халықаралық почта жөнелтілімдерін кедендік декларациялау.
2025 жыллың 22 сәуірінен бастап — жолаушылардың кеден декларациясының модулі енгізілді.
Қазіргі нәтижелер
Бүгінде Keden жүйесі арқылы келесі көрсеткіштер тіркеліп отыр:
837 мыңнан астам алдын ала ақпарат берілді.
539 мың транзит декларациясы шығарылды.
87 мың тауарды сақтау құжаты рәсімделді.
КТжС төлеуді қамтамасыз етудің 28 мың сертификаты тіркелді.
Көлік құралдарына 119 мыңнан кедендік декларация шығарылды.
1 млн-нан астам халықаралық пошта жөнелтілімі декларацияда көрсетілді.
53 мыңнан астам жолаушы кедендік декларациясы декларациялары тіркелді.
Келесі жоспар
2025 жылдың соңына дейін жүйенің барлық функциясын, соның ішінде:
Кедендік операциялардың барлық кезеңін бақылау.
Кемшіліктерді тіркеу мүмкіндігімен процестерді автоматтандыру.
Кеден декларацияларын алдын ала толтыру және рәсімдеу мәртебесін нақты уақыт режімінде қадағалау.
Keden жүйесі “бір терезе” қағидаттарын жүзеге асырып, пайдаланушыларға автотолтыру арқылы қажетті кеңестермен және форматты-логикалық бақылаумен ыңғайлы интерфейсті ұсынады, бұл рәсімдеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
Пайдаланушыларды қолдау
Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен лауазымды тұлғаларға әдіснамалық және техникалық көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметі құрылды.
Keden АЖ қолдау қызметінің байланыстары:
Тел.: +7 (7172) 73 55 19 | +7 (705) 956 53 89
Email: keden_support@kgd.minfin.gov.kz
Telegram: https://t.me/kedenkgdgovkz