ЖаңалықтарКоронавирус

Карантин уақытында ресейлік азамат қиындыққа тап болды

Қарағандыда тұратын ата-анасына Санкт-Петербургтен қонаққа келген ресейлік азамат қиын жағдайға тап болып, заңсыз эмигрант атана жаздаған. Облыс әкімдігі жанындағы жедел әрекет ету орталығында шетелдіктің мәселесін шешуге көмек көрсетілді.

Ресейлік ер адам Қазақстанға төтенше жағдай туралы хабарланғанға дейін ұшып келген. Ол еліміздегі жаңа көші-қон ережелері туралы білмейді екен. Келу туралы мәлімдемені үш күндік мерзімде тіркемеген.
Карантин жариялау алдында ресейлік азамат Теміртауға барып, сол жерде қалып қойып, ата-анасына қайтып келе алмаған.
Бұл жағдай туралы Жедел әрекет ету орталығына хабарланып, оған блок бекет арқылы өтуге рұқсат берілді. Оның Қазақстанда болуы заңдастырылады және айыппұл салынбайды. Карантиндік тәртіп аяқталғаннан кейін Ресей азаматы үйіне орала алады.

Карантиннің күшеюіне және қосымша шектеулердің енгізілуіне байланысты ЖӘЕО жедел желісіне көптеген өтініштер келіп түсуде. Senim109 қызметіне қоңырау шалу саны бернеше есе өскен. Операторлар штаты екі есе ұлғайтылып, шағымдар мен ұсыныстарды қабылдауға үлгеру үшін байланыс қуаты кеңейтілді.
Желіге хабарласушылар тек проблемалы жағдайда көмек сұраумен ғана шектелмейді. Мысалы, игі іс жасағысы келген кәсіпкерге кеңес алғысы келген. Ол Алматы облысынан Қарағандыға өкпені жасанды желдету аппаратын алып келе жатқанын және блок бекеттер арқылы қалай өтуге болатынын сұрап білген. 
Естеріңізге сала кетейік, жедел әрекет ету орталығы карантин кезінде халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін құрылған. Орталық тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейді. Сұрақтар Senim 109 қызметінен және басқа ведомстволардан беріледі. Орталықта барлық облыстық басқармалардың, департаменттердің, санитарлық қызмет пен полицияның мамандары жұмыс істейді.
Байланыс-орталығына Facebook-тегі Senim 109 парақшасы арқылы хабарласуға болады. Әлеуметтік желілердегі барлық хабарламалар #senim109 хештегімен белгіленіп, 25 символдан кем болмауы тиіс. Шағым мен ұсынысты senim109.kz Telegram-боты арқылы және senim109.kz интернет-порталға жіберуге болады. Келесі сілтеме бойынша сіздің шағымдарыңыз бен өтініштеріңіз әлеуметтік желіге түседі https://www.instagram.com/senim109.kz/ (https://taplink.cc/senim109.kz )

Басқа материалдар

Back to top button