Бас тақырып

Канвон-2024: Хоккейшілеріміз қола жүлде игері атанды

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті.

Суреттер: olympic.kz сайтынан

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алғаш рет 3×3 хоккейден жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы бұл сында ІІІ орын иеленді. Отандастарымыз қола жүлде үшін өткен бәсекеде Аустрия құрамасын 6:5 есебімен жеңім, ел қоржынына жүлде салды.

Бүгінгі басты матчтан соң хоккейшілер: 

– Команда өте жақсы ойнады. Соңына дейін берілген жоқ. Барлығын соққылар шешті. Ануар Ахметжанов бес соққыны қайтарды. Қақпашымыз өте жақсы ойын көрсетті. Көп шайбаны алып шықты. Матчтың үздік ойыншысы атағына лайық. Біз ең соңына дейін шайқастық. Қазір біздің хоккейдегі өз кумирлеріміз бар. Енді біз жас спортшыларға үлгі болуымыз керек.

Бұл керемет болды! Сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сене алар емеспіз. Енді бұл жеңісті атап өтеміз. Елге келген соң, қола жүлдегер атанғанымызды мақтан етеміз, – деп пікір қалдырды. 

Айта кетерлігі, қазіргі таңда IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанда 1 алтын және 2 қола жүлде бар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button