АймақҚарағанды

Күзгі жәрмеңкеде 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

Өткен сенбі 12 қазан күні облыс орталығында «Ауыл Береке» дәстүрлі күзгі ауыл шаруашылық жәрмеңкесінің маусымы ашылды. Бұл күні 538 тонна өнім сатылды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Өз тауарларын жеті ауданнан 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері, сондай-ақ қаланың қайта өңдеу кәсіпорындары ұсынды.

Орташа нарықтық бағадан төмен бағамен қарағандылықтар ет, көкөніс, картоп, сүт және балық өнімдерін, жұмыртқа және т.б. сатып ала алды.

Қарағандыда келесі «Ауыл Береке» жәрмеңкелері 24 қазан мен 2 қарашаға жоспарланған. Олар Global city СОО-да 134-ші есептік тоқсан, 921-ші құрылыс мекенжайы бойынша өтеді.

Сауданың басталуы сағат 09:00-де.

Жәрмеңкеге келесі автобустармен жетуге болады: № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.

9 қарашада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Приозерск және Саран қалаларында өтеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button