Кәсіби құзыретті тұлға
Елімізде іске асырылып жатқан реформалар білім ошақтарының білім беру мазмұнын жаңа сапалық тұрғыдан дамыту тұрғысында маңызды мәселеге айналып отыр. Тұлғаны жан-жақты дамытуда нарықтық қатынастарға еркін араласу – интеллектуалдық және кәсіби сапалық жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлап шығаруды міндеттейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында : «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет» деп атап өткен болатын. Осы мақсатта қаламыздағы мектептерде «Үш тұғырлы тіл саясаты» аясындағы жұмыстар жүзеге асырылуда. Мұғалім үшін оқушылардың үш тілде білімдерін арттыру мақсатында құзырлылық пен құзыреттілік ұғымдары басты орынға қойылды. Яғни, оқыту үрдісінде оқушының танымдық қабілетін дамытуда оны шығармашылыққа баулу, білімділігін арттыру қажет. Құзыреттілік тұрғысында мұғалім білім мен дағдыны тәжірибеде қатар қолдана алуы тиіс. Оқушы дайындай отырып, білім беруде оқушының қабілетін бағалау құзыреттілігі басты орында.
Г. БЛЯЛОВА,
№45 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.