Ресми

Көшет отырғызып, көше жаңарады

Абай мен Топарда биыл 1,5 мың ағаш отырғызылады. Төрт көшеде жолдар орташа жөндеуден өтеді. Атап айтқанда,  Шахтерский көшесінде – 1-ден 29-шы үйге дейін, Қызыл кентіндегі Макаров көшесінде және Вольный кентіндегі Степная мен Угольный көшелерінде жолдар жөндеу көреді деп күтілуде. Сондай-ақ, аула аумақтары мен тұйық көшелердің 8 учаскелерінде жолдар асфальтталады. Ұзындығы 2,2 шақырым  қаланың 6 учаскесінде жаяу жүргіншілер жолы төселеді.

Сурет облыс əкімдігінің сайтынан

Абайды абаттандыру жоспары облыс басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа  баяндалды. Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов елдімекендер көшелерінің санитарлық жағдайын бақылау үшін әкімдік пен полицейлердің рейдтері жүргізіліп жатқанын атады.

Сонымен қатар, әкімдік қыз­меткерлері арнайы планшеттермен жабдықталған. Енді олар әкімшілік нұсқамалар мен айыппұлдарды өз бетінше жаза алады. Планшеттер әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің базасымен біріктірілген.

– Біздің міндетіміз, әрине, айыппұл салу емес, тұрғындарымыздың, бизнес өкілдерінің өз аумақтарын ретке келтіруіне қол жеткізу. Біз қазір күн сайын сенбіліктер өткіземіз, әр апта сайын «Таза бейсенбі»  акциясы өтеді. Мемлекеттік қызметшілер шығып, тазалық шараларына қатысады, – дейді Абай әкімі Нұржан Тасмағамбетов.

Абайдағы Әлия Молдағұлова көшесінде 26 үйдің шатыры жөнделіп, қасбеттері жаңартылмақ.

Атап өткен жөн,  Абай ауданында «Таза Қазақстан» акция­сы аясында 2400 тонна қоқыс шығарылды. Ал, бұл  акция 13 мамырға дейін жалғасын табады.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button