Жаңалықтар

Кәріз құдығы жабылды

«Senim 109» қызметіне Қарағанды қаласының тұрғындарынан шағым келіп түсті. 14-шағынауданындағы кәріз құдығы бұзылып, жағымсыз иіс шығып жатқаны айтылды.

Сурет senim109.kz

Өтініш бірден тіркеліп, жауапты мекемелерге жедел жолданды. Аталған мәселені дер кезінде шешкені үшін Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөліміне @a.bokeihan_akim_apparaty алғыс айтамыз!

Қала әкімдігі барлық жауапты мекемелерге кәріз жүйесі құрылысына қатысты жұмыстарды үйлестіруді күшейтіп, тұрғындар тарапынан түсіп жатқан шағымдарды дер кезінде шешуді және халықпен тұрақты кері байланыс орнатуды жүктеді.

Айта кеткен жөн, «Senim 109» бірыңғай call-орталығы, халыққа қызмет көрсетудің барлық бағыттары бойынша кеңес береді және өтінімдер қабылдайды. Әрбір қала тұрғыны өз өтініштері бен ұсыныстарын 109 нөміріне (тегін) қоңырау шалу арқылы білдіре алады. Сондай-ақ, WhatsАpp: 8 700 910 9109, Facebook: senim.qaragandy, Telegram-bot: senim109.kz жұмыс істейді.

Жазбаша өтініш тіркелген сәттен бастап инспектор-талдаушы өтінішті құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органға немесе коммуналдық қызметке жібереді. Әрі қарай құзыретті орган немесе коммуналдық қызмет жауапты дайындап, өтініш түскен мекемеге, жеке адамға жолдайды.

Қарағанды облысының бірыңғай үйлестіру
орталығы мамандары

Басқа материалдар

Back to top button