Спорт

Күміспен күптелді

Әзірбайжан астанасы Бакуде батут гимнастикасынан Әлем Кубогы өтті. Аталмыш турнирде ел құрамасының атынан өнер көрсеткен қарағандылық Данил Мұсабаев пен шымкенттік Пирмаммад Әлиев жұбы ІІ орын иеленді.

Суреттер: дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Бұл доданың басты сыйлығы – 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензия. Жолдама үшін тартыста кіл мықтылар бар өнерлерін ортаға салды.

Осы бәсекенің жұптың сынында жерлесіміз Данил Мұсабаев шымкенттік Пирмаммад Әлиевпен бірлесе өнер көрсетіп, ІІ орын иеленді. Олар ақтың бәсекеде 50.520 ұпай еншілеп, Қытай елінің спортшыларына есе жіберді. Қытайлық Фу Вэйцзянь және Джоу Цзе жұбы 51.090 ұпай еншілеп, көш басына шықты. Ал, американдық гимнасттар үздік үштіктің қатарына енді.

– Данилдың басты мақсаты – осы жарыста топ жарып, олимпиадаға жолдама алу еді. Өкінішке қарай, жекелей сында қателікке бой алдырды. Десе де, Данил өз бабында. Енді наурыз айында Германияда өтетін үлкен турнирге барамыз. Ол жерде де олимпияда лицензиясын сарапқа салады. Сол турнирде жеңіске жетіп, лицензияны жеңіп аламыз, – деді Данилдың жеке тәлімгері, батут гимнастикасынан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Сергей Вертянкин.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button