Бас тақырыпЖаңалықтар

Көлік салығын қашанға дейін төлеу керек?

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталатынын ескертті, – деп хабарлайды  ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: kolesa.kz

2024 жылға арналған салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3 692 теңге көлеміндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятордың және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.

Бұл ретте салық органдары есеп айырысу балансын анықтау мақсатында жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.

Есептелген салық сомалары туралы ақпарат 2025 жылғы 11 наурыздан 31 наурызға дейін екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламасы түрінде жіберіледі.

Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылады.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button