АбайАймақБас тақырыпЖаңалықтар

Көксу ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория жұмысын бастады

Абай ауданына қарасты Көксу ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды әлеуметтік нысанның ашылуына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, медицина саласының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Салтанатты шара барысында ашылу лентасын қию құрметі округ әкімі мен амбулаторияның медицина қызметкеріне берілді. 

Іс-шарада сөз сөйлеген ауылдың ардагері, медицина саласының еңбек ардагері Гончарук Лидия Ивановна заманауи үлгідегі жаңа медициналық нысанның ашылуымен жиналған жұртшылықты құттықтады. Ол дәрігерлік амбулаторияның іске қосылуы ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Салтанатты рәсімнен кейін тұрғындар амбулаторияның ішкі жұмысымен танысып, жарық әрі жылы кабинеттерді, сондай-ақ заманауи медициналық құрал-жабдықтарды көрді. Ауыл халқы жаңа нысанның ашылуына ризашылықтарын білдіріп, медицина қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button