АймақЖаңалықтар

Күйген тағам өртке себеп болды

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Теміртау қаласындағы Менделеев көшесінде орналасқан тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шығып,өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 1940 жылы туған әйелді аман алып қалды.

Сурет: ТЖД

Өрт туралы хабар бөлімнің басқару пультіне таңғы сағат 06:09-да түскен. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірумен қатар, пәтерден газ баллонын да қауіпсіз жерге алып шықты.Тілсіз жау 06:43-те толығымен ауыздықталды.

Күйген тамақ өрттің шығуына себеп болды. Өрт сөндірушілер пәтерден 1940 жылы туған әйелді аман алып қалды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады. Облыстың барлық тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз, – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button