«Көгілдір тоғандықтар» бұдан былай электр қуаты өшсе де сусыз қалмайды
Электрмен жабдықтау желілеріндегі апатқа байланысты «Көгілдір тоғандар» шағын ауданы тұрғындарына су жетпей қалу мәселесі Қарағанды қаласы әкімінің арқасында шешімін тапты.
«Көгілдір тоғандар» шағын ауданындағы су құбыры сорғы станциясында электр қуаты өшкен кезде сорғы агрегаттары жұмыс істемей қалып, 5-қабаттан жоғары пәтерлерге су беру тоқтатылатын. Бұл аталған шағын ауданының тұрғындарына қолайсыздық туғызып келген еді.
Бұл мәселені шешу үшін Қарағанды қаласының әкімдігі «Көгілдір тоғандар» шағын ауданының тұрғындары үшін резервтік электрмен жабдықтау ретінде су құбыры сорғы станциясын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін генератор сатып алды.
Бүгінде «Қарағанды Су» ЖШС «Көгілдір тоғандар» шағын ауданының су құбыры сорғы станциясында генераторды орнатты. «Қарағанды Жарық» ЖШС желілері бойынша электр энергиясы өшкен жағдайда оны электрмен жабдықтау жүйесіне қосу бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz