Жаңалықтар

Жас жұбайлар ел болашағына бейжай қарамады

Қарағанды облысында жас жұбайлар үйлену тойы күні азаматтық белсенділік танытты. Бекнұр Несіпбек мен Альмира Мажитова өмірлеріндегі ең маңызды күндердің бірінде №202 учаскеге келіп, референдумда дауыс берді.

Суреттер №202 учаскеден

Жас отбасы үшін бұл күн тек шаңырақ көтерген сәт қана емес, сонымен қатар ел болашағына өз үлесін қосатын маңызды кезең болды. Олар мерекелік күнге қарамастан азаматтық борыштарын орындап, қоғам өміріне бейжай қарамайтындарын көрсетті.

Жас жұбайлар дауыс беру олар үшін ерекше мәнге ие екенін айтып, барлық тұрғындарды ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерде белсенді болуға шақырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button