Жаңалықтар

Ізгілік шапағаты

Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының үндеуіне нақты әрекеттер арқылы қолдау танытып, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде мұқтаж жандарға нақты көмек көрсету шараларына ұйытқы болуда.

Соған орай, аймақтардағы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға, көпбалалы отбасылар мен қарияларға медициналық бетперделер тарату жөніндегі «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ортақ мүдделі іске жомарт пейілді кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, еріктілер мен қайырымы мол қарапайым тұрғындар қатысуда. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін ел аумағында екі жүзден астам отбасына материалдық көмек көрсетіліп, алпыс үш мыңнан астам бетперде таратылды.

Ізгі ниеттен бастау алған шара аясында Қарағанды облысы Ассамблеясының мүшелері 7000 дана бетперде мен 96 азық-түлік жиынтығын сатып алып, ардагерлерге, сондай-ақ тұрмысы төмен азаматтарға таратылуын қамтамасыз етті. Аталмыш акция әлі де жалғасуда.

Өз тілшімізден.

[totalpoll id=”39460″]

Дауыс беру “Инстграм” желісіндегі ресми парақшамыздың “Оқиғалар” (Сториз) бөлігінде де жүргізіліп жатыр.

Сілтеме – @Ortalyq.kz

Пікірлеріңіз болса Уатсапқа жазуға болады.

Сілтеме – Whatsapp

Басқа материалдар

Back to top button