Бас тақырып

IX қысқы Азия ойындары қай қалада өтеді?

Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады, –деп хабарлайды ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: gov.kz

Сары құрлықтың келесі ақ Олимпия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді.

Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітіп үлгерді.  IX бәсекенің ұраны:«Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).

Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылмақ. 

Реті бойынша ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button