Жаңалықтар

Италия соты ArcelorMittal-ға тиесілі Acciaierie d’Italia-ға газ беруді тоқтатуға рұқсат берді

Итальяндық сот Eni-дің энергетикалық компанияларына ArcelorMittal (62%) және мемлекеттік Invitalia компаниясына (38%) тиесілі Acciaierie d’Italia болат құю компаниясына газ беруді тоқтатуға рұқсат берді, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Kazinform

Бұған жинақталған 200 млн еуро көлеміндегі қарыз себеп болды.

Бұл ретте шешімнің премьер-министр Мелони үкіметі үшін үлкен проблемаға айналғаны атап өтілді.

Кәсіпорынның жабылуы шамамен 9 мың адамды жұмыстан айырып, итальяндық өндіріс секторы үшін ауыр зардаптарға әкеледі.

Италияның оңтүстігіндегі Тарантодағы ADI зауыты – Еуропадағы ең ірі зауыттардың бірі.

Үкімет шешім ретінде кәсіпорынды арнайы басқаруға – нақты ұлттандыруға беру мүмкіндігін қарастыруда.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button