Ресми

IT хабтың әлеуеті зор

Дерекке сүйенсек, 2021 жылдан бастап, «Террикон алқабы» IT-хабында 450 стартапер мен компания оқытылған. Сонымен қатар, 10-нан астам инкубация және акселерация бағдарламалары өткізіліпті. ІТ қоғамдастығының өкілдері облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен өткен кездесуде өз жобалары мен оларды жүзеге асу мүмкіндігі мен даму әлеуеті жөнінде кеңінен айтты.

– Бар-жоғы сегіз аптаның ішінде бизнесті қалай дұрыс құруға, гипотезалармен жұмыс істеуге, көрсеткіштерді дамытуға және арттыруға болатынын үйретеміз. Бүгін аймақ басшысының назарына ең нәтижелі жобаларды ұсындық. Олардың арасында ІТ-бизнес те, классикалық жобалар да бар. Бірақ, уақыт өте келе ІТ-құрылымға көштік, – дейді «Террикон алқабының» басшысы Сабыр Ниязов.

Мәселен, KZ Tranzit ком­па­ния­сы жаңа бағытты – инженерлік пластиктермен 3D басып шығаруды игерді.

– Біз сынған немесе тозған бөлшектерді үлгі бойынша қайта жасаймыз. Бұл – импортты алмас­тыру, логистикалық мәселелер, санкциялар және басқа да жұмыс­тар аясында өте қызықты тақырып. Тағы бір бағыт – медицина. Имплантаттар мен протездер. Қазір республикалық протездеу орталығымен тығыз қарым-қатынастамыз. Жемісті жұ­мыс істеп жатырмыз, – дейді KZ Tranzit директоры Даниил Рашупкин.

Келесі цифрлық жоба ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасымен бірлесіп әзірленуде. «Жол қалай?» жол жабынының қалалық мониторингі жүйесі болашақта жолдардағы шұңқырларды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін көрінеді.

– Меніңше, бұл – серпінді цифр­лық құрал. Біз Computer vision технологиясын қолданамыз және бақылау камералары арқылы жолдағы шұңқырларды анықтаймыз. Патрульдік қызметтен, жедел жәрдем көліктерінен бейне деректерді аламыз. Әрі қарай, ақпарат коммуналдық қызметтерге нақты уақыт режимінде жолдарды бақылауға мүмкіндік беретін картаға шығарылады. Сондай-ақ, деректерді жинаймыз, бірақ өнім Қарағандыда пилоттық іске қосуға дайын екенін айт­қым келеді, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушысы Бақыт Мумынов.

Ермағанбет Бөлекпаев картаға бірнеше позиция – жарық­тандыру, жол белгілері, қар көш­кіндерін қосуға кеңес берді.

Қарағандылық Айжан Хасе­нова – 20-ға жуық қосымшаны frontend-әзірлеуші. Оның ак­тивінде қазақ тілін үйренуге ар­налған Aıtý мобильді қосымшасы бар. Ол сөздік адамның қорын молайтуға бағытталған және ауызекі қазақ тілінің күнделікті практикасына жарамды екенін айта кету керек.

– Мен қазақ тілін үйренуге ар­налған мобильді қосымша жасауды қолға алдым. Сондықтан, адамдар оны жұмыстан қол үзбей және кез келген жерде пайдалана алады. Бұл 3000 сөзді үйрене отырып, деңгейді сөйлесуге дейін көтеруге негізделген. Күн сайын жобаға қатысушы сөздер мен олардың аудармаларын жаттап алады. Бір айда үш мың сөзді толық игеруі керек. Бұл алдағы уақытта қазақ тілінде нақты сөйлеуді үйреніне кепіл болады, – дейді Айжан.

Облыс әкімі Ермағанбет Қаб­ду­лаұлы ұсынылған жобалардың әрқайсымен жеке танысып, бизнесті дамыту мүмкіндігіне қа­рай көмектесуге уәде берді, қолдайтынын айтты.

Өз тілшімізден
Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button