Жаңалықтар

«Ислам және отбасы» тақырыбында жас отбасыларға арналған семинар өтті

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» атты неке қидырған жас отбасыларға арналған жиын өтті.

Суреттер: ihsan.kz

«Ізгі қоғам» және «Дін мен дәстүр» бағыттары аясында өткен шараны «Әнет баба» мешітінің наиб имамы әрі «Ізгі қоғам» бағытының жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы жүргізді.

Шараға облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, жас жұбайларға некенің құндылығы туралы насихат айтты.

Іс-шараға некесін қидырған жас отбасылар шақырылып, тәлім-тәрбиеге толы насихат дәрістерімен сусындады. Одан кейін, «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы үлкен өмірге қол ұстасып бірге көш бастаған жас жұбайларға отбасы тыныштығын сақтау жөнінде насихат айтты. Сонымен қатар игі бастама алдағы уақытта да желісі үзілмей, жалғасып тұратынын жеткізді. Шара соңында жас жұбайларға «Әнет баба» мешіті атынан «Ислам және отбасы құндылықтары», «Некеге тұратын жастарға арналған жаднама» атты кітапшалар сыйға берілді. Жиын соңында барлық қатысушыларға мешіт асханасында ауызашар дастарханы жайылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button