Бас тақырып

Өңірде су деңгейі көтерілді

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің соңғы мәліметіне сүйенсек, өңірде су деңгейі көтеріліп, кей жерде арнасынан асып-толып кеткен. Оның ішінде Ақтоғай ауданы Абай ауыл мен Абай ауданы Құлайғыр ауылы да бар. Абырой болғанда елді-мекендердегі үйлерді су басу фактісі тіркелмеген. Одан бөлек, аймақтағы екі республикалық, төрт аудандық маңызы бар жолды су шайып кеткен.

Сурет пен видео: облыстық ТЖД

Абай ауылында еріген қар суы арнасынан асып, дала жайлап кеткен. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар еріген қар суын тұрғын үйлерге жібермеу үшін күш салып жатыр. Су арнасын бұрып, қап толы құм төсеуде. Қазір жағдай бақылауда.

Ал, Абай ауданында да еріген қар суы мөлшерден көп болып, Құлайғыр ауылына дейін су кіріп кеткен. Қуанышқа орай, тұрғын үйлерді су басу фактісі тіркелмеді. Департамент мамандары мен жергілікті атқарушы органдар тиісті жұмыстарды атқаруда.

– Шет ауданы, республикалық маңызы бар «Алматы – Екатеринбург» автожолында, Ақсу-Аюлы ауылында жол бойынан су өту (ені 150 м, тереңдігі 15 см) тіркелді. Көлік қозғалысы бұзылмаған.

Абай ауданы, «Қызылорда – Павлодар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде (Красная Поляна ауылы – Құлайғыр ауылы арасындағы учаскеде) судың толып кетуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Ақтоғай ауданы, «Ақтоғай – Нүркен» аудандық маңызы бар жолдың учаскесі жабық, Ақтоғай ауылы арқылы балама жол бар.

Нұра ауданы, облыстық маңызы бар «Қорғалжын-Баршино-Шұбаркөл-Қызылжар» тас жолында су тасқыны тіркелді. Жолаушылар көлігінің қозғалысы тоқтатылды.

Қарқаралы ауданы, жолдан судың өтуіне байланысты «Егіндібұлақ-Қоянды-Бүркітті» аудандық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде (Қоянды ауылы – Егіндібұлақ ауылы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Қарқаралы ауданы, облыстық маңызы бар «Нұркен – Жаңатоған» тас жолында еріген судың үлкен көлемінің ағуы нәтижесінде ені 10-15 м, тереңдігі 1,5-2 м жол бөлігі пайда болды. Жол учаскесі жабылды, олар оқиға орнында ПБ және ЖАО қызметкерлері кезекшілікте, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары.

Қазір жағдай толық бақылауда.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button