Өңірде аң аулау маусымы басталады
Қарағанды облысында көктемгі аң аулау маусымы басталады. Шет және Ақтоғайда – 29 наурыздан 12 сәуірге дейін, Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абайда – 12 сәуірден 26 сәуірге дейін жалғасады. Тек аталық үйректер мен құр аулауға рұқсат етіледі.

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат Е-лицензиялау жүйесі арқылы ресімделеді. Құжатты алу мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.
Сондай-ақ аңшының міндетті құжаттар пакеті болуы тиіс:
– аңшылық билет;
– аңшылық шаруашылығынан жолдама;
– атыс қаруымен аң аулау кезінде – оны сақтауға және алып жүруге рұқсат.
Бұл рұқсат құжаттарынсыз аң аулау заңсыз болып саналады және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бұдан басқа, табиғи тепе-теңдікті бұзбау, құс ұясының орындарына тиіспеу және тыныштық режимін сақтап, сондай-ақ аумақтың тазалығын қадағалау және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды.
– Аң аулау – бұл дәстүр ғана емес, үлкен жауапкершілік. Әрбір аңшы табиғатты сақтауы, ерекше қорғалатын аумақтардың шекарасын бұзбауы, жануарлардың сирек кездесетін түрлерін жоймауы және ормандарда қоқыс қалдырмауы тиіс, – деп атап өтті табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бахтияр Санбаев.
Аң аулау ережелерiн бұзу, рұқсаттың болмауы, аулау лимитiн асыра пайдалану немесе тыйым салынған жануарлар түрлерi бойынша ату браконьерлiкке теңестiрiледi және болашақта аң аулау құқығынан айыруға дейiн қатаң жазалау шараларына әкеп соғады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА