Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты
Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты, Ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, апат салдарынан Иран мемлекет басшысымен бірге болған сыртқа істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да қайтыс болған.
Ибрахим Раиси 1960 жылы 14 желтоқсанда Иранның Мешхед қаласында туған.
2014-2016 жылдары Иранның бас прокуроры болды.
2017 жылы Раиси Ирандағы президент сайлауына қатысты. Алайда ол тек 38% дауыс жинап, жеңіліп қалды. Сол жылы екінші рет саяси додаға қатысқан Хасан Роухани Президент атанды.
2021 жылы Ибрахим Раиси Ирандағы президент сайлауында тәуелсіз үміткер ретінде өз кандидатурасын қайта ұсынып, жеңіске жетті.
Раиси үйленген. Оның жұбайы Джамиля Аламольхода – тегерандық Шахид Бехешти атындағы университеттің доценті. Олардың екі қызы бар.
Бұған дейін 24.kz Иран президенті мінген тікұшақ жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Саясаткерлер көршілес Әзербайжанда су бөгетін ашу салтанатына қатысып, елге қайтып келе жатқан.
Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.